Шымкенттегі жәрмеңкеде аз қамтылған балаларды ЭКСПО-ға апару үшін ақша жиналды

Шымкентте химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді, деп тілшісі. Осылайша олар жағдайы төмен, аз қамтылған отбасы балаларын «ЭКСПО-2017» көрмесіне жіберу үшін қаражат жинады.

Мұндай қайырымдылық акциясына барлық оқушы атсалысты. Кейбірі қолөнер бұйымдарын жасаса, кейбірі сурет салып, күнделікті бұйымдардан мүсін дайындады.

Жоғары сынып оқушылары полимерлі балшықтан әшекейлер жасап, сөмке, орамал, қолғап секілді пайдалы заттар тоқыды. Жаңа піскен ұн тағамдары маңында адам қарасы өте көп болды. Жас аспаздар пісірген тоқаш, бәліш, кекс тағамдары тез сатылып кетті, дейді мұғалімдер.

Бұл қайырымдылық акциясын оқушылар Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап отыр. Жәрмеңкеден 300 мың теңге жиналды және балалар мұнымен тоқтап қалмайды. ЭКСПО жолдамасы 10 желтоқсан күні табысталады.  Бұл күні химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне аз қамтылған жанұядан шыққан 200 оқушы қонаққа келеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе