Шымкенттегі университетті тексеруден кейін үш іс қозғалды

– ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоспардан тыс тексеруінен кейін Шымкенттегі университетте үш іс қозғалды, деп министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«2019 жылғы 5-15

тамыз аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі Шымкент қаласының аймақтық

әлеуметтік-инновациялық университетінде жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын.

Аталған оқу орнында жоғары оқу орындарының қызметіне қойылатын 78 талаптың 63-і

сақталмағандығы анықталып отыр», делінген хабарламада.Тексеру барысында

бірқатар бұзушылық анықталған. «Атап айтсақ жоғары

және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік стандартының

талаптары бұзылған; жоғары оқу орындары қызметінің үлгілік ережелерінің

талаптары сақталмаған; жоғары оқу орындарының білім беру қызметін лицензиялау

кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактілері анықталған. Сондай-ақ,

оқуға қабылдау тәртібін, білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау

тәртібін, академиялық демалыс беру тәртібін сақтамау фактілері әшкереленіп отыр»,

делінген хабарламада.Сабаққа қатыспаған

бірқатар студенттердің сынақ-емтихан сессиясына қатысу фактілері белгілі

болған. «Бұл ретте, аталған

студенттер университетке ақша төлей отырып, сессияға жіберілген. Ведомость

қағаздарында студенттің бағасы көрсетілмеген, алайда оқытушының қолы қойылған

бос бағандар бар. Тіпті басқа

аймақтарда тұрып жатқан және басқа ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын

адамдардың университеттің штаттық қызметкерлері болып қызмет етіп жүру

фактілері анықталып отыр», делінген хабарламада. Сонымен қатар,

Білім және ғылым министрлігіне университет түлектерін жұмысқа орналастыру

деңгейі туралы жалған мәліметтер беріліп отырған. Мысалы, 2018 жылы жұмысқа

орналасу деңгейі нақты 34,4 пайызды құрағанымен, университет тарапынан келген

ресми есептерде 71,3 пайыз болып көрсетілген.Білім беру

саласындағы заңнаманы бұзу фактілері бойынша министрлік университетке қатысты 3

әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады: жоғары оқу орындары қызметінің

үлгілік ережелерін бұзғаны үшін, мемлекеттік білім беру стандартын сақтамағаны

үшін және лицензиялық талаптарға сәйкес келмегені үшін. Бүгінгі таңда білім

беру саласындағы Заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.Ендігі кезекте әкімшілік

өндіріс материалдары осы жылдың 23 тамызында қаралатын болады. ӘҚБтК-нің осы

баптарының санкциялары әкімшілік айыппұл салуды, сондай-ақ лицензияның

қолданылуын 6 айға дейінгі мерзімге тоқтатуды көздейді. Министрлік қабылданған

шаралар туралы қосымша хабарлайтын болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе