Қазақстанда лотерея жеңімпазы белгілі тұлғалармен кешкі ас ішеді

«Болашақ» қауымдастығы Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 игі іс» шарасы аясында жаңа лотерея ойын өткізеді. Оның жеңімпазы елімізге белгілі тұлғалармен кешкі ас іше алады.«Елімізге танымал тұлғалардың қатысуымен «Bolashak lunch» қайырымдылық лотереясы жоспарланған. Лотереяға қатысушылар кіммен ас ішкісі келетінін таңдап, ғаламтордағы арнайы парақшадан  билеттер сатып ала алады.  Кездейсоқ сандар генераторы жеңімпазды таңдайды.  Қайырымдылық шарасында түскен барлық қаражат білім беру бағдарламаларын қолдауға бағытталады», - делінген  қауымдастық таратқан хабарламада.

Жалпы, «25 игі іс» жобасы сегіз бағытты қамтиды. Осылайша, жастар кәсіпкерлігін қолдау бағыты бойынша  Алматыда «Bolashak Business»  бизнес-форумы мен «Startup «Bolashak» стартап-жобалар байқауын өткізу жоспарланған.

Қоғамдық бірлестіктерді, әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарды қолдауға назар аударады. Тегін кеңес беріп, оқытып, құқықтық және техникалық көмек (веб-сайттарды құру) көрсетеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе