Алматыда республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті

АЛМАТЫ. 30 Алматыда 28-29 наурыз күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде география және табиғатты пайдалану факультетінде «География» және «Гидрология» бөлімдері бойынша республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.Онда «География» бөлімі бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Оқжетпес» тобы үздік шықты. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Алатау» және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Эверест» топтары екінші, Қыздар педагогикалық университетінің «Алмаз», С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университенінің 2 тобы үшінші орын алды.

Ал «Гидрология» бөлімі бойынша жарыс қожайындарының «Есіл»,  «Каспий», «Кактустар» сәйкесінше 1, 2, 3-інші орындарды иеленді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе