Елордада бірқатар елдің сарапшылары Орталық Азия өңіріндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылауда

Елордадағы Назарбаев Университетінде Орталық Азияда сараптамалық орталықтарды дамытуға арналған форум өтіп жатыр.Жиынға он мемлекеттен келген сараптамалық орталықтар мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері қатысуда. Форумның мақсаты - ынтымақтастық перспективаларын талқылау, барша өңірде сараптамалық орталықтар желісін дамыту, Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығын ақпараттандыру үшін тиісті орталықты құру.

Форум барысында экономистер, ғалымдар, көлік, сауда және энергетика салаларындағы сарапшылар, мемлекеттік органдардың өкілдерінен жиналған 100-ге тарта адам ынтымақтастықты дамытудың негізгі басымдықтары жайында пікірлерімен бөлісуде.

Осы ретте жиынға қатысушылар үш тақырыпта талқылаулар жүргізіп жатыр. Біріншісі, Орталық Азияның экономикалық болашағына арналған. Бұл бағытта халықаралық ұйымдар мен Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы елдерінен келген делегаттар әрбір сектордағы тәуекелдерді, экономикалық даму бағыттарын қарастырады.

Екінші сегментте мамандар өңірдегі инфрақұрылымдық байланыс мәселесіне тоқталады. Ал соңғысында сарапшылардың назары Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығына мүше мемлекеттер арасында білім және тәжірибе алмасу желісін құру қажеттігі мен мүкіндігіне аударылады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе