Павлодарда «Еуразияның зияткерлік көшбасшысы» халықаралық байқауында облыс атынан қатысатын топтар анықталды

ПАВЛОДАР. 2 сәПавлодар мемлекеттік педагогикалық институтында «Еуразияның зияткерлік көшбасшысы» байқауының жартылай финалы аяқталды, деп хабарлады аталмыш жоғары оқу орнының баспасөз қызметінен.Байқау Лев Николаевич Гумилевтің туғанына 100 жыл толуына арналған халықаралық фестиваль аясында өтті, оның мақсаты - орыс ғалымы мен философы, ақын және аудармашының есімін дәріптеу, жастардың Отанға деген қызығушылығын жандандыру.

Павлодар облысындағы мектеп оқушылары, колледж бен жоғары оқу орындарының студенттерінен құрылған тоғыз топ ХХ ғасырдың ұлы еуразияшыл ғалымының шығармашылығы мен рухани мұрасын қаншалықты білетіндерін сарапқа салды. Олар ғалымның «Ежелгі түріктер» кітабындағы идеяларды түсіндіріп, топ басшылары блиц-викторинаға қатысты.

«Еуразияның зияткерлік көшбасшысы» байқауының ақтық сайысына педагогикалық институттың екі тобы мен № 20 мектеп-лицейінің ұжымы шықты. Олар сәуір айында өтетін байқаудың халықаралық кезеңінде Павлодар облысының атынан шығады.

Байқау жеңімпаздарына дипломдар мен Павлодар облысының тілдерді дамыту басқармасы мен «Славян мәдени орталығы» ҚҰ-ның атынан кітаптар табысталды.

Байқаудың барлық қатысушылары мен топтардың жаттықтырушылары фестивальдің сертификаттарын алды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе