Елордада студенттер мен оқушылар ХХІ ғасырдың өзекті мәселелерін талқылауда

Елордада студенттер мен жоғары сынып оқушылары БҰҰ аясындағы жаһандық мәселелерді талқылауда, деп тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласында ІІ Орталық Азия БҰҰ Халықаралық моделі конференциясы басталды. «Бұл конференцияға өзімді спикерлік және көшбасшылық бағытта дамыту үшін келіп отырмын. Бұған дейін Өзбекстандағы Ташкент қаласында өткен конференцияға қатысқанмын. Бұл жерде еліміздің және әлемнің түкпір-түкпірінен келген оқушылармен танысып, қай мемлекетте қандай мәселелер бар екенін талқылап, шешу жолдарын қарастырамыз. Қазақстанға келген қонақтар біздің кеңпейіл, қонақжай халық екенімізді ерекше атап өтті»,- дейді Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Нұрән Жанғазы. Халықаралық конференцияда жас қатысушылар дипломатқа «айналып», БҰҰ-ға мүше елдердің өкілі ретінде сөз сөйлейді.«Бүгінгі іс-шара - ЖОО студенттері мен жоғары сынып оқушыларына арналған БҰҰ-ның толық моделі. Жастар ХХІ ғасырдағы маңызды тақырыптарды талқылап, дискуссия өткізеді», - дейді «Орталық Азия Біріккен ұлттар ұйымының моделі» үйлестіру орталығының басшысы Уәлихан Бахридинов. Іс-шараға еліміздің 11 аймағынан және Әзербайжан, Қытай, Үндістан, Қырғызстан, Ресей, Пәкістан, Ауғанстан және Өзбекстаннан 250 делегат қатысуда.
11700
    Iздеу

    Күнтізбе