Индустрия мен кәсіпорын тарабы техникалық және кәсіби білім беру жүйесін енгізуге дайын емес

АСТАНА. 29 Индустрия мен кәсіпорын тарабы техникалық және кәсіби білім беру жүйесін енгізуге дайын емес. Бұл пікірді бүгін «Білім мен бизнес - ел игілігі үшін бірлікте» атты республикалық конференция барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов білдірді.

Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы, көлік, металлургия, машина жасау, мұнайгаз, химия өнеркәсібі сынды салалардағы 96 ұйымда кадрларды дайындау үшін техникалық және кәсіби білім берудің дуальды білім беру элементтері енгізілуде. Аталған білім ошақтары экономиканың шынайы секторымен әріптестікте білікті мамандар дайындауда.  Бұл ретте техникалық және кәсіби білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан жаңалықтарды заңнамалық тұрғыда бекіту мақсатында «Білім беру туралы» ҚР Заңына және Еңбек кодексіне өзгерістер енгізілгендігін атап өткен жөн.

«Осылайша техникалық және кәсіби білім беру жүйесі кадрларды дайындауда дуальды жүйені кеңінен енгізуге дайын. Дегенмен индустрия мен кәсіпорын тарабынан әзірше дайындық жоқ», - деді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе