Алматыда білім беру нысандары жаңа оқу жылына толық дайын

Алматы қаласының білім беру саласы 2015-2016 жылдардағы жаңа оқу жылына 98%-ға  дайын. Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбектің төрағалық етуімен  өткен жиында Білім басқармасының басшысы Рахат Шимашева айтты.  Басқарма басшысы бүгінгі таңда барлық мектептер оқулықтармен 100 % қамтылғанын жеткізді. Сондай-ақ қаладағы 202 мектептің 200-і жаңа оқу жылына толығымен дайын.

Оның айтуынша, қала бойынша  7 мектепте құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сай жүруде.

Селден зардап шеккен Наурызбай ауданындағы №187, №188, №192 мектептерде жөндеу жұмыстары жаздың соңына дейін аяқталады.

«Нұрлы  жол» бағдарламасы  аясында Алматының Алатау ауданындағы №26 мектеп  жанынан салынып жатқан 900  орындық қосалқы нысан және Әуезов ауданының Қалқаман ықшам ауданындағы №157 мектеп жанындағы қосалқы  нысан  2016 жылы пайдалануға беріледі»,- деді Р.Шимашева. 

Жиын қорытындысы бойынша  қала басшысы Бауыржан Байбек тиісті құрылымдарға жаңа  оқу жылына  сапалы дайындық жүргізуді және алдағы  жылу науқанына білім нысандарының толықтай  дайын болуын қадағалауды тапсырды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе