Чехияда 2 мыңнан астам қазақстандық студент білім алуда - С. Әбдікәрімов

Чехияда 2 мыңнан астам   қазақстандық студент білім алуда. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов мәлім етті.«Чехияда Қазақстанның 2 мыңнан астам студенті білім алуда. Бұл елде білім беру жоғары деңгейде, яғни дипломдары барша әлемде мойындалған. Батыс Еуропа елдерімен және АҚШ-пен салыстырғанда, білім алу қымбат емес деп бағалауға болады»,-деді Елші.

Оның сөзіне қарағанда, аталған елде ЖОО-ға түскенге дейін бір жыл бойы чех тілін талапкерлер өз қаржысына меңгереді. Ал оқу орнына түскен соң, Чехия Үкіметі төрт жыл бойы ақысыз білім алуға шетел студенттеріне гранттар ұсынады.

«Чехиядағы ауыл шаруашылығы университетінде елімізден 250-ге жуық студент білім алып жатыр. Олардың бір бөлігі ақысыз білім алуда, ал қалғаны ақылы негізде оқытылуда»-деп тоқталды С. Әбдікәрімов.

Елшінің айтуынша, соңғы 6-7 жылда Қазақстаннан бес мыңнан астам студент Чехия жоғары оқу орындарын тәмамдады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе