Астанада «Ғылым мен бизнес интеграциясы» халықаралық форумы өтті

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да өткен «Астана ЭКСПО - 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған шарада ғылым, инновация және бизнес саласындағы алдыңғы қатарлы әлемдік мамандар бас қосты, деп хаба рлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. Шарада ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірәсілов құттықтау сөз сөйлеп, қазақстандық ғалымдар арасында жарияланымдар белсенділігі байқалғанын және ол өз кезегінде қазақстандық ғылымның халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіне бірігуіне септігін тигізетінін атап айтты. 

«Бизнес пен ғылымның интеграциясы - көп тарапты және көп қырлы процесс, және де біз онымен ғана шектеліп қоя алмаймыз. Осылайша биыл құрамына ЖОО, ҒЗИ және өндірістік секторды енгізетін консорциум құруға байқау жариялаймыз. Ол Дүниежүзілік банк желісі бойынша ұйымдастырылады. Мен біздің ғалымдарды ол шараға белсенді қатысуға шақырамын. Сол арқылы ғылым мен бизнестің арасындағы серіктестіктердің қандай формалары болатынын көріп, білуге болады», - деді Б. Әбдірәсілов.

Ғылым комитетінің төрағасы сонымен қатар биылғы жылы білім гранттар саны магистратураға жеті мыңнан он мыңға дейін, докторантураға 650-ден 1250-ге дейін ұлғайтылғанын жеткізді.

Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығының президенті Әділ Ыбыраев форумға қатысушыларға «Қазақстан энергиясы: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында таныстыру баяндамасын ұсынып, қазақстандағы қайта жанданатын энергия көздерінің әлеуеті туралы әңгімелеп берді. А. Ыбыраев соңғы жылдарда қайта жанданатын энергия көздері елімізде энергетикалық кешеннің даму векторының бір тармағы ретінде жайғасатынын айтты.

«Қазақстанда қайта жанданатын энергия көздерін пайдаланудың негізгі факторы энергетиканың қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендетуінде. Қазақстанда балама энергия өндіру жалпы көлемнің небары 0,4% құрайды. Қазақстан Орталық-Азия мемлекеттері арасында бірінші болып қайта жанданатын энергияға орын бөлетін төменгі көміртек экономикасына көшу стартегиясын құраған», - деді А. Ыбыраев.

Оның айтуынша, бұл бағытта ең маңызды жұмыстардың бірі Курчатовтағы зерттемелік термоядролық құрылғы болып табылады. Ол болашақ энергетикасын дамытуда өзіндік зор үлесін қосады. 

Форумға тек ҚР білім және ғылым министірлігінің өкілдері ғана емес, сонымен қатар SpringerNature, ClarivateAnalytics, «Яндекс», «РосАтом», Еуразиялық патенттік ұйым секілді компанияларының, сондай-ақ Қазақстанның ғылыми және білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе