Білім беру үрдісін тәрбиелік мақсатта пайдалану қажет - М.Сарыбеков

АСТАНА. 27 Оқыту үрдісінің тәрбиелік әлеуетін күшейту жөніндегі типтік кешенді жоспарды жүзеге асыру шеңберінде оқу пәндері тәрбиелік мақсатта да пайдаланылатын болады,деп хабарлады ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

«Типтік кешенді жоспар оқу пәндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалануға тиіс болғандықтан да қабылданды. Бұған дейін тәрбие жұмысы сыныптан тыс және мектептен тыс шаралар арқылы жүргізіліп келді. Біз оқу пәнін үйрену барысында оқыту үрдісін тәрбиелік мақсатта толығымен пайдаланған емеспіз», - деді М.Сарыбеков.

Аталған жоспар оқу үрдісін тәрбиелеу элементімен қамтамасыз етудің бірден үш мақсатын шешуге мүмкіндік береді. "Біріншіден, ол тәрбие жұмысына жүйелі әрі кешенді сипат береді, екіншіден, ол тәрбие шараларының үзіктігі мен эпизодтығын болдырмайды, үшіншіден, оқушылар мен студент жастарды неғұрлым көбірек тартуға көмектеседі", - деп баса айтты вице-министр.

Оқыту үрдісінің тәрбиелік әлеуетін күшейту жөніндегі типтік кешенді жоспармен қатар, Министрлік Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық іс-әрекет жоспарын да әзірледі. Аталған құжат білімді нақты жағдайларда қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, Оқыту үрдісінің тәрбиелік әлеуетін күшейту жөніндегі типтік кешенді жоспар мен Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық іс-әрекет жоспары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында берілген тапсырмалар бойынша әзірленген.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе