Оралда Абай және Махамбет оқулары өтті

ОРАЛ. 14 сәАбай, Махамбет шығармаларын, қара сөздері мен өлең-жырларын оқушылардың бойына сіңіру мақсатында «Дарын» қосымша білім орталығында ХІІІ Абай оқулары және ІІІ Махамбет оқулары өтті.Аталған шараға облыс мектептерінен 90 оқушы  қатысты.

Абай және Махамбет оқулары әділ қазылар алқасының төрағасы, М.Өтемісұлы атындағы  Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Серікқали Шарабасовтың айтуынша, ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен ережеге сай Абай және Махамбет оқулары үш бөлімнен тұрды.

Облыстық ХІІІ Абай және ІІІ Махамбет оқуларының әр бөлімі бойынша әділ қазылар алқасының шешімімен төмендегі оқушылар жеңімпаз болып танылды.

ХІІІ Абай оқулары бойынша:

-«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімі: Мұратхан Набиғалиев - Бөкей ордасы ауданы, М.С.Бабажанов атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы.

-«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бөлімі: Жандарбек Жұмағұлов - Жаңақала ауданы, Жаңақала орта мектебінің 10-сынып оқушысы.

-«Көңілім әнді ұғады» бөлімі: Ақтоты Төлеуғалиева - Ақжайық ауданы, Тайпақ мектеп-гимназиясының  7-сынып оқушысы.

ІІІ Махамбет оқулары бойынша:

-«Ел құтқарар ер едім...» бөлімі: Нұрсейіт Мәдениетов -  Ақжайық ауданы, Тайпақ мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы.

-«Ұлы арман» бөлімі: Райымбек Тарихов - Жаңақала ауданы, Жаңақала орта мектебінің 7-сынып оқушысы.

-«Тартынбай сөйлер асылмын» бөлімі: Айдана Болатова- дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфулллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің 11-сынып оқушысы.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе