Ауыл шаруашылығы университетінің ғылыми жобалары әлеуетті жүзеге асырушылардың назарына ұсынылды

АСТАНА. 5   - Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілеріне озық технологиялар мен білімді тарату,ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің тапсырыстары бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін инвестицияларды тарту бойынша ғылыми семинар өтті.

Семинарға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің, «Астана», «Есіл», «Сарырқа» және «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының (ӘКК) өкілдері қатысты. Семинарды ғылым, халықаралық байланыстар және инвестициялар жөніндегі проректор Лаура Садықова ашып, университет туралы, университеттің ғылыми жетістіктері, өндіріске жаңа білімді, технологиялар мен инновацияларды енгізу мәселелері бойынша өңірлермен ықпалдасу мүмкіндіктері жайлы баяндады. Өз кезегінде университет ғалымдары өндіріске енгізуге арналған инновациялық жобаларын және әзірлемелерін таныстырды. Семинар барысында «Экономика және жерге орналастыру», «Ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктердің биотехнологиясы», «Ветеринария және мал шаруашылығы», «Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру және жаңғыртпалы энергетика» бағыттары бойынша 30-дан астам баяндама тыңдалды.

Ұсынылған жобалар әкімшіліктер мен ӘКК өкілдерінің үлкен қызығушылығын тудырып, ғалымдармен қызу пікірталас жүрді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге жеткізу мақсатында семинар қонақтарына аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстарының электронды түрдегі каталогы таратылды. Алдағы уақытта ынтымақтастық және бірлесіп жұмыс жасау жөніндегі меморандумдарға қол қою жоспарланды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе