Балалардың 98,5% балабақшамен қамтылды - ҚР БҒМ

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балабақшалардың қолжетімділігі туралы айтып берді, деп тілшісі. «2019 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмдері арқылы мектепке дейінгі ұйымдар саны артты және 3-6 жастағы балаларды 98,5% қамти алдық. Әрине, кей өңірлерде, Алматы, Нұр-Сұлтан сынды мегаполистерде, Алматы облысында сұраныстың әлі де көп екенін жасырмаймыз. Онда миграция үлесі айтарлықтай жоғары, демографиялық процестер белсенді жүріп жатыр», - деді министр Фейсбук желісінде халық алдында есеп беру барысында. Оның айтуынша, бұл мәселені министрлік өңір әкімдіктерімен бірлесіп шешеді. «Бұған дейін балабақшаға кезекке қою білім беру бөлімдерінде жүргізілетін. Ал қазір жемқорлық қауіп-қатерді азайту мақсатында бұл процесті толық цифрландырдық. Кезекке қою мен жолдама алуды Электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Бұл қызмет қазір де қолжетімді», - деді министр. Сонымен бірге, министр балалардың қауіпсіздігі мәселесінің маңызды екенін атап өтті. «Мұндағы маңызды факторлардың бірі - бейнебақылау жүйелерінің болуы. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі ұйымдардың 90% жуығы бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Бұл жұмысты да сіздермен бірлесіп жалғастыратын боламыз», - деді А.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе