Діни және нәсілдік тұрғыдағы қылмыстар үшін жауапқа тартуды заңнамалық түрде күшейту қажет - Н. Назарбаев

АСТАНА. 5 Ұлысаралық және дінаралық қарым-қатынастардың тұрақтылығы мен келісімін қамтамасыз ететін институттарды дамыту керек.Бұл туралы бүгін Астанадағы  Назарбаев Университетіндегі интерактивтік дәрісі барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Ұлысаралық және дінаралық қарым-қатынастардың тұрақтылығы мен келісімін қамтамасыз ететін институттарды дамыту керек. Әлеуметтік, діни келіспеушілік, этникалық кемсітушілік, сондай-ақ осы тұрғыдағы қылмыстар үшін жауапқа тарту заңнамалық шараларын күшейту қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін бұдан әрі қарай да арттыру керектігін қадап айтты.

Мемлекет басшысы қазақстандықтар экстремизм мен радикализмді қабылдамайтынын, сонымен қатар ел азаматтары саяси бос сөзге және әлеуметтік алауыздыққа әрқашан да қарсы екенін ескеріп өтті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе