ҚР Президенті үш ауысымдағы мектептер проблемасын шешуді тапсырды

АСТАНА. 23 Биылдан бастап қаржыны әлеуметтік ғимараттарды жөндеуге, үш ауысымдағы мектептердің проблемасын шешуге бағыттау керек.Бұл туралы бүгін Ақордада 2012 жылдың қорытындысына және «Қазақстан -2050» стратегиясын жүзеге асыруға арналған Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Қазіргі кезде бастаған мектептердің құрылысын аяқтау қажет. Апатты мектептерді жөнге келтірейік. Мектептердегі үш ауысымды жояайық»,-деп тапсырды Президент.

Бұл тұрғыда Елбасы осындай шаруалар денсаулық сақтау саласындағы ғимараттарға да қатысты екендігін жеткізді. Бұл мәселе бойынша 2-3 аптаның ішінде қарастырып, шешімін шығару керек. Бөлінген қаржыны биылдан бастап әлеуметтік ғимараттарды толық және ағымдағы жөндеуге, сондай-ақ үш ауысымды мектептердің проблемасына бағыттау керек. Осы тұрғыда біз көп мәселені шешеміз»,-деп түйді Н. Назарбаев.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе