Елордада «ХХІ ғасыр білімі мен ғылымы - 2012» атты Х Қазақстандық-халықаралық көрме өтеді

АСТАНА. 20 22-24 ақпанда ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің ресми қолдауымен «Атамекен-Экспо» көрме кешенінде «ХХІ ғасыр білімі мен ғылымы - 2012» атты Х Қазақстандық-халықаралық көрме өтеді.Көрме мақсаты - білім берудің барлық деңгейіндегі, заманауи технологиясындағы жетістіктерді, оқу құрал-жабдықтарын, жаңа буынның оқу бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендерін, жас мамандарға өз білімдерін іс жүзінде қолдануға нақты көмек көрсету түрлерін паш ету.

Оның жұмысына Қазақстан, Ресей, Германия, Латвия, Малайзия, Түркия, Чехия, Швейцария сынды елдердің 70-тен астам жетекші білім және ғылым ұйымдары мен мекемелері қатысады.

Көрме аясында іс-шараға қатысушыларға арналған тұсаукесерлер мен семинарлар өткізу қарастырылған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе