Мемлекеттік басқару академиясы мен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы бірлесе жұмыс істейтін болды

АСТАНА. 19 ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы арасында өзара ынтымақтастық туралы хаттама рәсімделді. Аталған құжатқа Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірасылов және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының басшысы Наталья Зарудная қол қойды. Оған сәйкес, мемлекеттік орган мен халықаралық ұйым арасында әріптестік байланыстар орнатылып, «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша білім алып жатқан магистрлер мен докторлардың кәсіби біліктілігін арттыруды көздейтін ортақ жобаларды іске асыру көзделген. «Биылдан бастап академияның жанынан Ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды зерттеу орталығы ашылды. Оны біз Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе отырып құрдық. Меніңше, аталған орталықтың негізінде де Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жобаларын іске асыруға болады», - дейді Б.Әбдірасылов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе