«Жас ұлан» мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

Республикадағы барлық "Жас ұлан" мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты шара өтті, деп тілшісі.

ҚР Қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, биыл Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларында орналасқан әскери білім беру ордаларында шамамен 600 түлек мектеп бітірді. Соңғы қоңырауға арналған салтанатты шараларға Қорғаныс министрлігі басшылығының өкілдері, Екінші дүниежүзілік соғыс және еліміздің Қарулы күштерінің ардагерлері, тәрбиешілер, ұстаздар және түлектердің ата-аналары қатысты.

Айта кетейік, "Жас ұлан" республикалық мектебі мемлекеттік және шетел тілдерін тереңдете оқытумен қатар әскер пәндермен қатар дене шынықтыру сабақтарды күшейтілген түрде жүргізілетін орта білім беру оқу орны саналады. Биыл аталған мектептерді бітірген түлектердің 90 пайызы еліміздің жоғары әскери оқу орындарына түсуді жоспарлап отыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе