Екібастұзда мұғалімдердің тапшылығы мәселесі шешілді - әкімдік

Оқу жылы басталғанға дейін бір апта қалғанда Екібастұздың елді мекендеріндегі мектептерде математика, ағылшын тілі, химия және биология пәндерінің мұғалімдерінің тапшылығы байқалған. Алайда бірінші қыркүйекке дейін олардың орны толтырылды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз хатшысы Жазира Сыздықова.Екібастұзға биыл жұмыс істеу үшін педагогикалық ЖОО-дарынан 53 түлек келді. Олар қалалық және ауылдық мектептерге орналастырылды.

Білім беру бөлімінен хабарлағандай, жалпы білім беретін мектептерде 1,6 мыңнан астам педагог жұмыс істейді. Олардың 87%-ның - білімі жоғары, 13%-ның орташа кәсіби білімі бар. Өткен жылмен салыстырғанда, біліктілік көрсеткіші екі пайызға артты. Жоғары және бірінші категориялы педагогтар саны 56 пайызды құрайды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе