Қызылорда облысында 100 орынға арналған мектеп биыл пайдалануға беріледі

Осыдан үш жыл бұрын Арал ауданындағы Қосаман ауылында 100 орынға арналған мектеп құрылысы басталған. Бірақ білім ошағы мердігердің жауапсыздығынан мерзімінде аяқталмаған болатын.Мектеп құрылысымен танысқан аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев құрылысты биылғы жылдан қалдырмай тапсыру қажеттігін ескертті. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаржы мәселесі толықтай шешілген. Қазіргі таңда мектеп ғимаратының ішкі әрлеу, сырлау жұмыстары мен бу қазандығының сылақ жұмыстары жүргізілуде.  Яғни, жұмыстың 95 пайызы аяқталған. 

Ескі мектептің тар бөлмелерінде білім алып келген қосамандықтар жаңа оқу жылында заманауи талапқа сай білім ошағында оқитын болады. Бұл жаңалықты естіген ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе