Еуропалық Одақ Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерін оқытуда

АСТАНА. 27 ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Еуропалық Одақтың мемлекеттік қолдау саласында тексеруді экономикалық талдау» тақырыбында семинар өтті.Аталмыш шараны Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігі және ЕО-ның «Сауда саясаты мен оны іске асыру құралдары мәселелеріне жәрдемдесу» (СТПР) жобасы арнайы ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің, «Атамекен» Одағы» ҰЭП, «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның қызметкерлері үшін дайындаған болатын.  

Семинар жұмысына Академияның оқу ісі жөніндегі вице-ректор Әлия Мұхамеджанова, Еуропалық Одақтың ҚР-дағы Өкілдігінің 1-хатшысы Рене Мали, «СТПР» жобасының жетекшісі Мариус Бордалба, ЕО-ның ҚР-дағы Өкілдігінің жобасы бойынша менеджер Александр Даррас, «СТПР» аға қысқа мерзімді сарапшысы Франк Наерт (Бельгия) және «СТПР» экономикалық мәселелер жөніндегі сарапшысы Сулиддин Маммадов (Әзірбайжан) қатысты. 

«Академия ЕО-мен бірлескен мұндай семинарды бірінші рет өткізіп отырған жоқ. Тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру үшін шетелдік сарапшыларды шақыру орасан мультипликативтік әсер береді. Мысалға, өткен 2011 жылы Академия дәрістер оқу, конференциялар мен симпозиумдар жұмысына қатысу, Академияда білім алушылар мен ҚР мемлекеттік органдары қызметкерлеріне семинарлар өткізу үшін 50 шетелдік сарапшы мен дәріскерлерді шақырды», - дейді Ә. Мұхамеджанова. 

«Өзінің дербес инновациялық білім бағдарламалары арқасында ҚР  Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы халықаралық жобаларды іске асыру, Орталық Еуразияның мемлекеттік қызметшілерін даярлау мен біліктілігін арттыруда әріптестікті сәтті дамытып отыр», - деп есептейді халықаралық сарапшылар.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе