Алматыда әлеуметтік-экономикалық және саяси келеңсіздіктер тарихы туралы халықаралық конференция болады

АЛМАТЫ. 4 сәАлматыда 6-7 сәуірде «Әлеуметтік-экономикалық және cаяси келеңсіздіктер тарихы: теориялық-әдістемелік  қайта ойлау» деген тақырыпта  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болады.Оны Әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университетінің Тарих, археология және этнология факультеті ұйымдастырып отыр. Қазақстандық және дүниежүзілік тарихтағы ұлттық көлемдегі дағдарыстық оқиғалардың зерттелуіндегі теориялық және әдістемелік әдістерді дамыту мақсатын көздейтін бұл шара дәстүрлі «Бекмаханов оқулары» аясында өткізіледі.

Оған алыс-жақын шет елдердің және отандық  ғылым мен білім саласының көрнекті қайраткерлері, жоғары оқу орындарының және  ғылыми мекемелердің басшылары қатыспақ. Бұл алқалы жиында олар «Қазақ халқы тарихының қасіретті беттері», «Ашаршылық - дәстүрлі шаруашылық жүргізуді күйрету салдары», «Дағдарыстық құбылыстар халықтар тарихындағы бетбұрыстар ретінде: себептері, факторлары, салдары» сияқты тақырыптар бойынша Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, саясаттану, экономика, археология, деректану және тарихнама бойынша кең ауқымды мәселелер  талқыланады деп жоспарлануда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе