Қызылордада күріш өсірушілерді оқыту орталығы ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА. 3  - Қызылордада агроөнеркәсіптік кешенде білім тарату және беру орталығы құрылып, жұмыс істей бастады.Осы орталықта «Білімді тарату - Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенін инновациялық дамытудың жолы» атты тақырыпта республикалық семинар болып өтті. Оны ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы «КазАгроИнвест» АҚ және «Күріш өсіру ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ұйымдастырды. Аталмыш орталық енді осы күріш ғылыми-зерттеу институтының базасында жұмыс жасайтын болады. Халықаралық тәжірибе мемлекет тарапынан дұрыс қолдау болып, жұмысты жақсы ұйымдастыра білген жағдайда мұндай орталықтардың ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, егіншілік саласында айтарлықтай тың табыстарға жетуге болатынын көрсетіп отыр. Ең маңыздысы, ондай орталықтардың базасында ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер өз істерін жетілдіруге қажетті білім алады. Оларда жергілікті ғалымдар сабақ береді. Олар егіншілермен және малшылармен қоян-қолтық жұмыс жасасып, оларға ғылым жаңалықтарын жеткізіп отырады. Биылғы жылы орталықта 2,5 мың фермер оқып, білім алғалы отыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе