Астанада қазақстандық спорт брендтерінің бірыңғай фан-клубы құрылады

Назарбаев Университеті базасында қазақстандық спорт брендтерінің - велокоманданың, баскетбол және футбол клубтарының, «Барыс» хоккей суперклубының, «Астана Моторспорт» ралли-рэйд командасының, «Astana Arlans» бокс командасының және су добы командасының бірыңғай фан-клубы ашылады.Бұл туралы бүгін Назарбаев Университеті мен «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы (ПКСК) арасындағы меморандумға қол қою барысында мәлім етілді.

«Назарбаев Университеті - зияткер мамандар мен көшбасшылардың ұстаханасы болса, «Астана»  Президенттік кәсіби спорт клубы  елімізді әлемге танытатын спорт майталмандарын шыңдайтын шеберхана іспетті. Біздің екі брендті де, яғни университет пен клубты Мемлекет басшысы біріктіріп тұр. Сондықтан бүгінгі қол қойып жатқан меморандум салауатты өмір салтын насихаттауға зор үлесін қосады деп сенеміз», - деді «Астана» ПКСК бас директорының міндетін атқарушы Юрий Мельниченко.

Назарбаев Университетінің вице-президенті Қадиша Дайырованың атап өтуінше, фан-клуб аталған жоғары оқу орнының студенттері мен Астанадағы басқа да оқу ордаларының тәлімгерлерін біріктіріп, сондай-ақ, «Астана ПКСК  мүшелерін қолдау қызметін үйлестіретін болады.

Тараптар меморандум аясында клубтардың миссиясын, әнұрандарын жасауда, түрлі PR-акциялар мен флеш-мобтар, конкурстар ұйымдастыру мәселелерінде, сонымен қатар студенттер мен кәсіби спортшылар арасында спорттық сайыстар өткізуде әріптестік қарым-қатынас орнатуды жоспарлап отыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе