Жамбылда 7 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсыруға онлайн өтініш берген

– Жамбыл облысы бойынша мектеп бітіргелі отырған 9 171 түлектің 78,3 пайызы, яғни 7 181 оқушы ҰБТ-ға қатысу үшін онлайн өтініш тапсырды, деп .

Жалпы биыл өңірдегі ҰБТ тапсыруға өтініш берген түлектің 383-і - «Алтын белгіге» және 366 түлек - үздік аттестатқа үміткер. «Биылғы оқу жылында қашықтан оқыту жүйесіне сәйкес 9, 11 сыныптарда қорытынды аттестаттау ағымдағы оқу жылының жылдық бағаcы негізінде жүргізіледі. Жалпы ҰБТ облыста маусымның 20-сы мен шілденің 5-і аралығында 10 тестілеу өткізу пуктінде өтеді. Биылғы тесттің ерекшелігі берілетін тест тапсырмаларынан IV-ші тоқсанның материалдары бойынша сұрақтар алынып тасталды»,- дейді облыс білім басқармасының орта білім бөлімінің басшысы Айдын Досыбаева. Қазіргі таңда аймақта ұлттық бірыңғай тестілеуге түлектерді дайындау жұмыстары жүргізілуде. Бұл бойынша білім басқармасының сайтында арнайы парақша ашылып, педагогтардың онлайн сабақтары күнделікті жариялануда. Бұдан бөлек түлектер қашықтан оқытуға көшкелі Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz. сайтында, «Daryn.online», BilimLand порталында және «iTest» виртуалды кешенінде жарияланған онлайн тест тапсырмалары арқылы байқау сынақтарынан тегін өтуде. Онда тестің 70 нұсқасы беріліпті. «Тараздық түлектер мамыр айынан бастап «PyVela» көпфункционалды мобильді қосымшасы арқылы ұлттық бірыңғай тестілеуге тегін дайындалуға мүмкіндік алды. Оқушылардың дайындығы әрбір мектеп директорының, білім бөлімдері басшыларының жеке бақылауында»,-деп атап А.Досыбаева.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе