Алматыда Оқушылар арасында республикалық ғылыми жарыстар байқауы өтеді

АЛМАТЫ. 15   - Алматыда   «Алатау» санаторийінде  21-24 ақпан аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруыменғылым мен білімді кіріктіру, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, еліміздің болашақ ғылыми әлеуетін қалыптастыру мақсатында оқушылардың республикалық ғылыми жарыстары өтеді.

Биыл бұл білім сайысына еліміздің түкпір-түкпірінен 500-ге жуық оқушы -   жас зерттеушілердің ғылыми жобалары қатысатын болады.

Оқушылар «Қазақстан-2030» стратегиясында Қазақстан дамуының экономикалық және әлеуметтік модельдері» тақырыбының төрт бағыты  бойынша:  «Ғылыми-техникалық прогресс - экономикалық өсудің негізгі буыны», «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу», «Таза табиғи орта - «Қазақстан-2030» стратегиясын іске асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат жолбағыттары»  сынға түседі.  Оқушылар жарысына ғылыми жетекшілікті Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы жүзеге асыратын болады.

Республикалық ғылыми жарыстардың салтанатты ашылуы 21 ақпан күні сағат 10.30-де Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өтеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе