Президент Қазақстан тарихы бойынша оқу жос­пар­ларын, оқулықтар мен оқу құралдарын тал­­дау­дан өткізуді жүктеді

АСТАНА. 10 ҚР Білім және ғылым министрлігі  2013-2014 оқу жылынан бастап  жалпы білім беретін мектептердегі оқу үдерісінде бі­лім берудің интерактивті түрлерін пайдалануды кеңейтуді және онлайн-оқытудың арнаулы оқу бағдарламаларын енгізуді көз­десін.

Бұл жайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы жөніндегі 13-ші тапсырмасында айтылған.

«Бүгінгі таңда оқу-тәрбие үдерісін түбірінен өзгерту маңызды. Білім беру қызметтерінің қолжетімділігі мәселесі көкейкесті күйінде қалуда. Бұл орайда қосымша білім берудің интерактивті түрлерін дамыту қажет. Алайда, менің интерактивті білім беруді дамыту жөніндегі алға қойған міндетім, өкінішке орай, тар мағынада түсініліп, солай жүзеге асырылуда. Интерактивті тақталарды пайдаланумен интерактивті білім беруге қол жеткізе салмаймыз. Бүгінгі таңдағы онлайн-білім беру ұстаз бен шәкірттердің тікелей Интернет-араласуы режімінде де, арнайы жасалынған интерактивті оқу бағдарламалары мен ойындар түрінде де өтетін факультативтік интерактивті курстарды ұйым­дас­тыруды  қамтуға тиіс. «Онлайн-ұрпақтың» Интернетке табиғи ұмты­лы­сын біз, интерактивті олимпиадалар, оқу турнирлерін тағы басқаларды ұйымдастырып, пай­далануға және жағымды арнаға бағыттауға тиіспіз. «Болашақ» бағдарламасына елдің барлық өңірлерінен, әсіресе, ауылдық жерлерден талантты жастардың қолы жетуін кеңейту маңызды мәселе болып табылады», - дейді Мемлекет басшысы

 «ҚР Білім және ғылым министрлігі:  - 2013-2014 оқу жылынан бастап  жалпы білім беретін мектептердегі оқу үдерісінде бі­лім берудің интерактивті түрлерін пайдалануды кеңейтуді және онлайн-оқытудың арнаулы оқу бағдарламаларын енгізуді көз­десін;

- Қазақстан тарихы бойынша оқу жос­пар­ларын, оқулықтар мен оқу құралдарын тал­­дау­дан өткізсін, оқу орындарында Қазақ­стан тарихын оқытудың мазмұны мен пі­шінін өз­герту жөнінде іс-шараларды жүзеге асырсын;

- орта, техникалық және кәсіптік, жо­ға­ры оқу орындарында «Акмеология, жеке және әлеуметтік табыс негіздері», «Қазақстан құқығы», «Өлкетану» сияқты  міндетті оқу курстарын енгізу жөнінде ұсыныс жасасын»,-делінген Президенттің 13-ші тапсырмасында.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе