«Жұлдыздар тоғысқанда» фильмі Гонконгта көрсетілді

ҚР Бас консульдығы ҚХР Сянган арнайы әкімшілік аймағында (САӘА, Гонконг) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі туралы «Жұлдыздар тоғысқанда» көркем фильмін көрсетуді ұйымдастырды, деп хабарлайды меншікті тілшісі Садық Әкижанов.Іс-шара Тұңғыш Президент күні және ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Гонконг политехникалық университетінде қазақстандық студенттердің қатысуымен ұйымдастырылды.

Елбасының өмірі мен қызметі және тәуелсіздіктің қалыптасу жылдары туралы фильм Гонконгта білім алып жатқан жастарға қызықты болды. Гонконг политехникалық университеті бизнес факультетінің 2 курс студенті Жандос Сағынтай фильмнен алған әсері тілшісімен бөлісті. «Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі ретінде бүгінгі көрсетілім мен үшін ерекше болды. Елбасының өмірлік жолы мен үшін және менің достарым үшін үлгі тұтарлық. Бүгін мен еліміздік тарихы мен ондағы президенттің рөлі туралы көп жайттарды білдім», - деді ол.

Көрсетілімнен кейін оған қатысушыларға Бас консульдық ұжымы әзірлеген ұлттық тағамдардан дәм татқызылды. Бас консульдық мәліметінде қазіргі уақытта Гонконгта 70-тен астам қазақстандық студент білім алуда, олардың 48 - і Гонконг политехникалық университетінде Назарбаев зияткерлік мектебінің дарынды түлектері үшін университет бөлген білім гранттары оқуда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе