Ақтөбеде балабақшалар жұмысы қашан жанданады

– Ақтөбе облыстық штабы мен бас санитар дәрігер рұқсат етсе, 18 мамырдан кейін балабақшалар кезең-кезеңімен іске қосылады, деп тілшісі.

Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаеваның айтуынша, жұмыс істейтін балабақшаларға бірнеше талап қойылады. Алдымен бір кезекші топ болады. Жатын бөлмеде 1 метр арақашықтық сақталуы міндетті. Сонымен бірге әр топқа 15 балаға дейін ғана қабылданады. Күн сайын таңертең медицина қызметкері бала мен тәрбиешіні, бала күтушілердің денсаулығын тексереді. Жөтеліп, дене қызуы көтеріліп, жедел респираторлы вирустық инфекция жұқтырған болса, бала қабылданбайды, қызметкер жұмыс істей алмайды. «Үш күн бойы балабақшаға келмей қалмаса, әдеттегідей анықтама құжаты сұралады. «COVID-19» вирусын жұқтырғандармен байланыста болған, өзге аймақтан келген, жүкті, 65 жастан асқан, жедел респираторлы вирустық инфекция жұқтырған адамдар балаларды бақшаға әкелмегені жөн. Әр балабақша дезинфекциялық сұйықтықты қолжетімді жерге қоюы тиіс. Тәрбиешілер тамақ ішер алдында, одан кейін, серуендегенде қолды сабындап жууды қадағалауы тиіс. Балалардың бөлмесін кварц шамы қолданылып, бөлме іші жиі желдетілуі қажет. Әзірге дайындық жүріп жатыр. Егер рұқсат берсе, 18 мамырдан кейін балабақшалар жұмыс істейді», - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе