ШЫҰ тарихында алғаш рет мектеп оқушылары ұлттық үйлестіруші болды (ФОТО)

- 22 сәуірде Бейжіңде Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Хатшылығында алғаш рет «ШЫҰ үлгісі»  интерактивті ойыны өткізілді. Мұндағы басты тұлғалар ҚХР-дағы РФ елшілігі жанындағы орта мектептің жоғары сыныптарында оқитын  ШЫҰ мүше-елдер азаматтарының  оқушылары болды.

Интерактивті ойынға қатысушыларға арнаған сөзінде  ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Алимов:  «ШЫҰ үлгісінің» басты құндылығы оның Ташкентте болатын мүше-мемлекеттер басшылары Кеңесінің мерейтойлық отырысы, оның аясында Шанхай ынтымақтастығы ұйымы құрылғандығының 19 жылдығы атап өту қарсаңында  өткізілуінде, - деді.

«Екі ай бойы жоғары сынып оқушылары өз ұстаздарымен бірге дипломаттардың көмегімен ШЫҰ-ның қалыптасуы тарихы мен дамуы  жолдарын зерттеуде үлкен жұмыстар атқарды. Интерактивті ойындар барысында балалар ШЫҰ мұше-мемлекеттер үйлестірушілері ролін атқарды, оқушылар терең білімдерін, шешендік өнерлерін, күрделі мәселелерді шешуде консенсус таба білетіндіктерін көрсетті»,-дейді Рашид Алимов.

Бұл шараға белсене қатысқан оқушылар мен олардың ұстаздары ШЫҰ Бас хатшылығының грамоталарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе