Б. Жұмағұлов: Апатты мектептерді қанша жойсаң да, қайта пайда болады

АСТАНА. 31  2013 жылдың басты міндеті апатты және үш ауысымда оқытатын мектептерді жою.Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы С. Ахметовтің қатысуымен өтіп жатқан Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

Елбасы Үкімет отырысында осы мәселеге ерекше назар аударғанына тоқталған министр, «Тәжірибе көрсеткендей, апатты мектептерді қанша жойсақ та, олар сол көлемде қайтадан пайда болып жатыр. Сондықтан осы проблеманы түбегейлі шешу үшін жаңа нақты механизм әзірлеу қажет. Ол тек фактіні ғана анықтамауы тиіс. Сонымен қатар, алдағы жылдарға жоспарлы түрде негізделген уақытылы жөндеуді жүргізе отырып, апаттың алдын алуды қарастыру қажет. Бұл жерде негізгі жауапкершілік жергілікті атқарушы органға жүктеледі»,-деді Б. Жұмағұлов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе