Қазақстанда балабақшалардағы орын саны 500-ге дейін ұлғайтылады

Қазақстанда балабақшалардағы орын саны 500-ге дейін ұлғайтылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Парламенті Мәжілінің депутаты Гүлмира Исімбаева айтты.Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда елімізде жұмыс істеп тұрған балабақшаларда орын саны 320 балаға шақтап салынған. Сондықтан да депутаттар олардағы орын санын 500-ге дейін ұлғайту бастамасын  көтеріп отыр.

«Біз сарапшылар тобына Алматы мен Астана сынды қалалардағы балабақшалардағы орын санын 500-ге дейін ұлғайтуды ұсынудамыз. Мұндай тәжірибе көптеген елдерде бар. Мәселен, Ресей балабақша тапшылығын жою үшін осындай қадамға барып отыр», - деді Г.Исімбаева.

Айта кетерлігі, Алматы мен Астана қаласында және Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылу деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен біршама төмен болып отыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе