Қаржы полициясының лауазымды қызметкерлері аттестаттаудан өтетін күн белгіленді

АСТАНА. 17 Қаржы полициясының лауазымды қызметкерлері аттестаттаудан өтетін күн белгілі.

Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде өткен брифинг барысында ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.

Агенттікпен қаржы полициясы органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізуге дайындық жұмыстары жүрігізіліп жатқандығын атап өктен ол: «Сынақты жоғары аттестаттау комиссиясынан өтетін қаржы полициясының 73 қызметкерінің 13-і ағымдағы жылғы 21 мамырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері акгенттігінде заңнаманы білу деңгейін және логикалық ойлау қабілетін тексеретін тестіден өтетін болады», - деді.

Ресми өкілдің атап өтуінше, сонымен қатар олар 22 мамырда Алатау спорт кешенінде дене шынықтыру және әскери нормативтерін тапсырса, ал 23 мамырда Денсаулық сақтау министрлігінің мамандарымен Астана медициналық университетінде психологиялық тұрақтылықты тексеретін сұхбаттасудан өтеді. Сонымен қатар 25 мамырда жоғары аттестаттау комиссиясында аталған қызметкерлермен сұхбаттасу болады.

Сондай-ақ агенттік сайтында іске қосылған «бұл жерде сіз аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өтетін құқық қорғау қызметкерлері туралы ақпаратты көрсете аласыз деген» айдарға азматтардан 10 хат келіп түскендігін айтқан М.Жұманбай: «Барлық келіп түскен арыздар тексерілуде және аттестаттау комиссияның жұмысында ескерілетін болады», - деді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе