Елбасы тұсауын кескен бала Президентке уәдесін берді

17 жыл бұрын Елбасының батасын алған Абылай Сатылхан Қазақстан Президентіне елге қызмет етуге уәде берді, деп тілшісі.Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері»  дербес білім беру ұйымының 10 жылдығына арналған «Ұлы Дала мұрагерлері» атты форум өтіп жатыр.

 «Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін барлық жағдайды мемлекет жасап отыр. Ол әр уақытта менің назарымда. Еліміздегі Зияткерлік мектептердің барлық түлектерінен келешекте көп үміт күтеміз. Осында алған білімдеріңіз Қазақстанды одан ары қарай өркендетуге бағытталады деп сенеміз. Сендер арқылы еліміздің барлық оқушыларына мынаны айтқым келеді: қазіргі уақытта терең білім алу, шет тілін үйрену, заманауи технологияны меңгеру - негізі міндет болуға тиіс. Егер де өмірде қойылған талаптарыңа жетемін десеңдер, осыны білу  керек. Сонда ғана көздеген мақсаттарыңа қол жеткізіп, биік белестерді бағындыра аласыздар. Отанға қызмет ететін болыңдар», - деді Мемлекет басшысы. 

Форум барысында Назарбаев Университінің студенті Абылай Сатылхан осыдан 17 жыл бұрын Елбасымен бірге түскен фотосуретін Президентке  табыстады.

«Бүгінде саясаттану және халықаралық қатынастар мамандығында білім алудамын. Сіз Тәуелсіз Қазақстанның барша перзенттерінің үлкен өмірдегі тұсауын кесіп, жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиеледіңіз. Сіз «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында бабаларымыздың ұлы жетістіктерін атап өттіңіз. Енді бір айдан кейін Жастар жылы басталады. Бізге бұрынғыдан да зор мүмкіндіктер  ашылады. Осының барлығы үшін сізге мыңда бір рахмет! Осыдан 17 жыл бұрын еңселі елордамыз Астанада сіз тұсауымды кескен едіңіз. Мен бүгін біздің әулеттің тұмары секілді әрдайым төрде ілініп тұратын мына суретті өзіңізге ала келдім. Сіз мені әуелете көтеріп, «азамат бол» деп бата беріпсіз. Мен осы мотивациямен өмір сүріп, өзіңіз айтқандай, мықты азамат болуға, елім үшін қызмет етуге уәде беремін», - деді Абылай Сатылхан.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе