Астанаға Конфуцийдің алтынмен жалатылған мүсіні қойылмақ

Конфуцийдің отаны саналатын Қытайдың Шаньдун провинциясы ЭКСПО-2017 көрмесіне Конфуцийдің мүсінін әкелді, деп тілшісі.Қоладан құйылып, алтынмен жалатылған ұлы ойшыл мүсінін Шаньдун өнер институтының студенттері «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінде өтетін Шаньдун апталығына арнайы әзірлеген. Оның ұзындығы 1 метр, 20 см, ені - шамамен 1 метрді құрайды.

Аталған туындыны бүгін Жалпықытай халық өкілдері құрылтайы Шаньдун провинциясының Тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Ся Гэн және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Серікжан Қанаев салтанатты түрде ашты. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, ұлы ойшыл мүсіні Еуразия ұлттық университетіндегі Конфуций қытай тілі институтына тарту етіледі. 

Айта кетейік, ЭКСПО-2017 барысында Қытай павильоны апта сайын өзінің 23 аймағын таныстырып шықты. Көрменің соңғы күндері мұнда Қытай мәдениетінің бесігі саналатын Шаньдун провинциясы өз апталығын өткізбек. Шаньдун аймағының ауыл шаруашылығы экспортының көлемі жалпы Қытайдың экспорт көлемінің ширек бөлігін құрайды. Мұнда әлемнің үздік 500 кәсіпорны қатарына енген 209 кәсіпорын орналасқан. Инвесторлар Шандуньде жүзеге асырылатын 700-ден астам жобаға қаражат құйды. Провинцияда теңіз, әуе және темір жол қатынастары жолға қойылған, бұл да Қытайдың өзге мемлекеттермен қарым-қатынас орнатуында, тауар экспорттауында елеулі маңызға ие.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе