Шанхайда ҚР Тұңғыш Президенті күнінде флэшмоб өткізді (ФОТО)

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Шанхайда «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» және оны жүзеге асырудағы жастардың рөлі» тақырыбында студенттік ғылыми-практикалық конференция, сондай-ақ флэшмоб өтті.Шараны ҚР БҒМ-нің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Азия мен Океаниядағы өкілдігі және Шанхай қаласындағы «Kazakhstan students association in Shanghai» студенттік ұйымы өткізді.

Конференцияға Шанхай қаласында білім алып жатқан 50-ден астам қазақстандық студент,  сонымен бірге Шанхайдағы ҚР бас консулдығының өкілдері қатысты.  Олар Елбасы Жолдауының негізгі тезистерін талқылады. Соның ішінде елдің көліктік-логистикалық, индустриалдық, энергетикалық, тұрғын үй, әлеуметтік инфрақұрылымдық салаларының дамуы, алдағы уақыттағы индустрияландыру бағдарламасы, ШОБ-ты қолдау, сондай-ақ   «Мәңгілік ел» идеясы туралы сөз қозғалды.

Конференцияға қатысушылардың айтқан сөздерінің өзекті тұстарын сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Руслан Әбдіраев, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, Фудань Университетінің магистранты, Шанхай қ.: «Мені арендалық тұрғын үй құрылысына инвестиция бағытталуы және бұл жобаның алдағы уақытта жүзеге асуы қуантты.    

ЖОО арқылы ғылым мен экономика саласында байланыс орнату мәселесі назарыма ілікті.  Ол үшін тиісті материалдық-техникалық база жасалды. Көптеген дамыған елдерде бұл тәжірибе қолданылуда және өз жемісін беріп отыр.

 «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты Қазақстан халқының бірлік және келісім базисін нығайта түседі. Президент Жолдауында алда тұрған міндеттер айқындалды, оны бірігіп жүзеге асыра аламыз.   Бізге, жастарға осындай сәтте мүмкіндігімізді көрсетіп, біздің білім алуымызға бағытталған инвестицияны ақтап, Отанымызды өркендетуге мүмкіндік туып отыр.  Қолымыздан келгенімізді жасаймыз».

Барлыбаева Алтынай, Шанхай теңіз істері университетінің (Shanghai maritime university) магистранты: «Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін жауаптымыз. Бүгінде әрбір қазақстандық өзіне «Отаным үшін мен не істедім?» деген сұрақ қоюы тиіс. Егер азаматтар осы тұрғыда ойлап, іс-әрекетке көшіп талпынса, еліміз дамиды деп сенемін».

Конференциядан кейін «Kazakhstan students association in Shanghai» қазақстандық студенттер ұйымының белсенділері патриоттық флэшмоб өткізді - 50 студент қатарласа тұрып, Ұлт Көшбасшысын және «Нұрлы жол» деген сөздерді бейнеледі.

Еске сала кетейік, ҚР-нан тыс жерлерде 50 мыңнан астам қазақстандық студенттер білім алуда, соның ішінде 11 мың 200-ге тарта адам ҚХР-да (Бейжіңде - 4 мыңға жуық, Үрімжіде - 1250, Шанхайда - 800, Сианьда - 700, Гуанчжоуда - 500, Уханьда - 400, Нанкинде, Ланьчжоуда, Харбинде - 150-ден, Циндаода - 100-ге жуық, Құлжада - 150, Шихэцзыда - 100-ге тарта, Сямэнде - 25 адам) оқып жүр. Бұл көрсеткіш бойынша Қытай Ресейден кейін екінші орын алады, онда 28 мың қазақстандық білім алуда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе