Павлодарда жылдың соңына дейін 810 орынға арналған 6 балабақша пайдалануға берілмек

ПАВЛОДАР. 19 Павлодарда жылдың соңына дейін 810 орынға арналған алты 6 балабақша пайдалануға беріледі, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.Бүгінде облыс орталығында 15 мыңнан астам бүлдіршін баратын 60 мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істейді.

Тұрғындар балаларын жекеменшік балабақшаларға орналастыруға мүмкіндік алады. Мемлекеттік-жеке әріптестіктің «Балапан» бағдарламасы аясында 2-ден 4 жасқа дейінгі 213 балаға арналған «Лингва», «Солнышко», «Самал» және «SmartKid» атты 4 жекеменшік балабақшаға мемлекеттік білім тапсырысы келді. Бір тәрбиеленушіге республикалық бюджеттен 14,7 мың теңге бөлінеді, баланың балабақшадағы қалған керек-жарағына арналған қаражатты ата-ана өтейді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе