Солтүстік Қазақстанда ҰБТ төрт жерде өтеді

Солтүстік Қазақстан облысында ҰБТ қаңтардың 19-ы күні өтеді. Оқушылар сынақтан Петропавлда және өңірдің үш ауданында өте алады, деп тілшісі.

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз қалды. Тек сынақ бұдан былай жылына төрт рет өткізіледі. Алғашқысы СҚО-да қаңтардың 19-ына белгіленген. Тестілеу құны - 2 242 теңге. ҰБТ өтуге өтініш берген оқушылардың басым бөлігі  бұл жолы дайындық ретінде сыннан өтпек. 20-қаңтар апелляциялық комиссия жұмыс істесе, 21-інде талапкерлер қолдарына сертификаттарын алады. Бірақ ол құжат грантпен оқуға түсу құқығын бермейді.

Ақылы бөлімге түсу үшін оқушы төрт рет өткізілетін ҰБТ-ның біреуіне ғана қатысып, шекті балға қол жеткізсе жетіп жатыр. Ал мемлекет грантына ниет білдіргендер ҰБТ-ны маусым айында тапсырады. Қаңтардың 19-ы күні өткелі отырған алғашқы тестілеу облыс бойынша төрт жерде өткізілмекші. Талапкерлер ыңғайларына қарай Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде немесе Ақжар, Айыртау және Жамбыл аудандарында сынақтан өте алады. 

Еске сала кетейік, қаңтар айының 15-20 аралығында елімізде ақылы негіздегі Ұлттық бірыңғай тестілеу басталатындығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе