Батыс Қазақстанда ҰБТ сынақтары басталды

ОРАЛ. 2 Бүгін Батыс Қазақстан облысында ҰБТ сынақтары басталды.Өңірде сынақ 2 және 4 маусым күндері тоғыз тестілеу орталығында, атап айтқанда, жеті аудан орталығы мен Орал қаласындағы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде өтеді.

Облыстық білім басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, биыл БҚО-да 6093 түлек мектеп бітірсе, соның 1700-дейі Орал қаласынан. Солардың 4753-і немесе 75 пайызы ҰБТ-ға қатыспақшы. Түлектердің 239-ы «Алтын белгіден» үміткер болса, 116-сы ерекше аттестат алуға талпынып отыр.

Тоғыз тестілеу пунктінде де талапқа сәйкес барлық жағдай жасалған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе