Мұғалім болғысы келген тұлғалар педагог біліктілігінің сәйкестігін қашаннан бастап растайды

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалім ретінде кәсіби қызметін жүзеге асыруға алғаш рет кірісетін тұлғалар педагог біліктілігінің сәйкестігін растауы тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп тілшісі.

«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының жобасы 19 баптан тұрады және 500 миллионнан астам ұстаз жұмысына қатысты. Жалпы, заң жобасы 4 бағытты қамтиды. Бірінші - ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстан босату, жүктемесін азайту. Екінші - мұғалім қызметіне қоятын талаптарды күшейту. Үшінші - материалдық емес тетіктер. Төртінші - материалдық ынталандыру«, - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында аталған заң жобасын таныстырған министр. Оның атап өтуінше, бірінші бағытта заң жобасында педагогтердің құқықтары бойынша 10 жаңа позиция қарастырылған. Олардың барлығы мұғалімнің жеке дамуына және оқу процесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Мұғалімдерді артық жұмысқа, өзінің функциясына кірмейтін жұмысқа тартуға, шамадан тыс есеп беруге, қағазбастылыққа, негізсіз тексерулерге тыйым салу арқылы жүктемені азайту бойынша жеке нормалар да көзделген. »Бұл шынында да бүгінгі күні өте өзекті проблема. Жуырдағы халықаралық TALIS зерттеулерінің көрсеткіштерін көріп отырмыз. Сол зертеулерге байланысты жалпы ТМД, ЕЫДҰ мемлекеттерімен салыстырғанда біздің әріптестеріміздің жүктемесі ең көп. Мысалы ЕҚЫҰ мемлекеттерінде 38 сағат болса, бізде - 48,8 сағат. Сондықтан бұл норма өте маңызды болып тұр«, - деді ол. Сонымен қатар ол заң жобасында педагог мәртебесін арттыру, оның қызметіне қойылатын талаптарды күшету де көзделетіндігін айтты. »Сондықтан заң жобасына сәйкес, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалім ретінде кәсіби қызметін жүзеге асыруға алғаш рет кірісетін тұлғалар педагог біліктілігінің сәйкестігін растауы тиіс. Мұғалімдердің этика мәселелеріне де көңіл аударылуда. Сонымен қатар педагогикалық қызметке жіберілмейтін себептер де кеңейтіліп отыр. Әр білім беру мекемесінде әдеп бойынша кеңестер институты енгізілуде«, - деді Асхат Аймағамбетов. Министр материалдық емес ынталандыру тетіктері ретінде мұғалімдердің балаларына балабақшаларда бірінші кезекте орын беру нормасы қарастырылатындығын айтты. »Бұған қоса «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік марапатының жаңа түрі сияқты бірқатар материалдық емес ынталандыру да қарастырылып отыр. Әскери қызметті кейінге қалдыру, ауылдық жерде жұмыс істейтін мұғалімдерге үстеме жалақы, денсаулық сақтау, үздік педагог, ЖОО-ның үздік оқытушысы сияқты барлық әлеуметтік кепілдіктер де осы заңда сақталды«, - деді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе