Техникалық оқу орындарында білім беру мен өндірістік тәжірибенің байланысы үзілмеуі керек

АСТАНА. 1  Техникалық оқу орындарында білім беру мен өндірістік тәжірибенің байланысы үзілмеуі керек.  Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған сенатор Ақан Бижанов осылай мәлім етті.«Елбасы Н. Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында қойған басты мақсаттардың бірі кәсіби оқыту мен қазақстандықтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудің тиімді жүйесін жасау болып табылады. Осыған орай, «Жұмыспен қамту» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жоғары тәжірибелік мамандарды даярлауға ерекше назар аудару керек.  Алайда, жоғары оқу орындарының ұжымдарымен кездесулер барысында, көптеген жоғары және орта оқу орындарында студенттердің тәжірибелік практикадан өтуде қиындықтарға тап болатындығы көтерілді», - деді Ақан Бижанов.

Оның айтуынша, елімізде әсіресе техникалық жоғары және орта оқу орындары оқу процесі барысында студенттерді мамандықтары бойынша өндірістің түрлі саласында тәжірибелік практикаға орналастыру қамтамасыз етілмейді. Ал онсыз оқудың өндіріспен байланысы үзіледі. «Бұдан бөлек, өндіріс басшылары оқу орынынан практикадан өтетін студенттер үшін ақылай төлем сұрайтыны, ол болмаған жағдайда өткізуден бас тартатыны белгілі. Сол себептен, практикаға өз бетімен орналаса алмаған студент университет қабырғасындағы кафедрадан тәжірибеден өтуге мәжбүр», - дейді сенатор.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе