Алматыда оқушылардың жазғы демалысы қалай ұйымдастырылады

Алматы қалалық Білім басқармасы қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруды қолға алды, деп тілшісі.«Бұл жұмысты қалалық спорт, мәдениет және қоғамдық даму басқармаларымен бірлесіп ұйымдастырып жатырмыз. Қалада балаларға арналған шығармашылық үйірмелер мен спорттық секциялар жұмыс істейтін болады. Оқушыларды қаланың мәдени және спорт нысандарына апару жоспарда. Сонымен қатар, оларды волонтерлік іс-шараларға қатыстыратын боламыз», - деді Ләззат Жылқыбаева онлайн-брифинг барысында. Сондай-ақ ол балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық санитарлық талаптардың сақталатынын атап өтті. Биыл Алматыда жазғы лагерлер жұмыс істемейтіні туралы жазған болатынбыз.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе