Қостанай облысында аймақтық университет құрылды

– Биылғы оқу жылында Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мен Сұлтанғазин университеті бірігіп, аймақтық оқу орнына айналады, деп тілшісі.

Оқу орындарының бірігуі ҚР білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асып отыр. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ректоры Алма Дощанованың айтуынша, екі университетті біріктіру туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі шешім қабылдады. Сол шешімнің негізінде «Жол картасы» жасалды. «Оқу орны А.Байтұрсынов атындағы Қостанай аймақтық университеті деп аталады. Мұнда барлығы 8000 студент білім алады. Бүгінде оқу орындарының мүлкін бағалау жүргізілуде. Бұл жұмысты ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті атқаруда. Біз оқу орнының алдағы бес жылдағы дамыту бағдарламасын қабылдадық. Негізгі мақсатымыз – білім беру жағынан ғана емес, сонымен қатар ғылыми зерттеулер деңгейінде республикадағы ең үздік университеттердің қатарында болу. Бұған барлық мүмкіндік бар. Алдағы уақытта аймақтық университет оқытушыларының жалақысы өседі», - деді Алма Дощанова. Университетте барлық мамандық бойынша біліктілік емтиханын тапсыратын жұмыс берушілер кеңесі жұмыс істейді. Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 500 орындық жаңа жатақхана салынады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе