Астана медицина университеті мен «Ла Сапиенца» Рим университеті стратегиялық әріптестік орнатты

Рим қаласында мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасын жүзеге асыру және жоғары медициналық білім беруді жандандыру шеңберінде  «Астана медицина университеті» АҚ және «Ла Сапиенца» Рим университеті арасында стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды. «Келісім Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және Қазақстанның Италиядағы Елшілігінің қолдауымен жүзеге асты. Уағдаластық туралы құжатқа «Астана медицина университеті» АҚ тарапынан университет ректоры, профессор Мәжит Шайдаров, ал «Ла Сапиенца» университетінен Медицина кафедрасының деканы, профессор Себастиано Филетти қол қойды. Әріптестік туралы келісімге сәйкес тараптар жоғары білім берудегі корпоративтік басқару, білім беру бағдарламалары, ғылыми-клиникалық қызмет, сондай-ақ студенттер және профессорлық-оқытушы құрамның тәжірибе  алмасуы сияқты салаларында ынтымақтастық қамтылған», - делінген баспасөз баянында.

Еске сала кетейік, «Ла Сапиенца» университетінің негізі 1303 жылы қаланған, ірі еуропалық жоғарғы білім беру мекемелерінің және әлемдегі жетекші жоғарғы оқу орындарының бірі болып табылады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе