ҚР ҚМ әскери білім беру жүйесінде емтихан тапсыру науқаны басталды

АСТАНА. 8 Қазақстан Республикасының әскери оқу орындарында қысқы емтихан сессиясының нағыз қызған шағы.«Курсанттар уақтылы емтихан тапсыруға құштар, себебі олардың демалыс мерзімі осыған тікелей байланысты. Уақытында емтихан тапсырылса, үйге жоспарланған сапар жүзеге асады, ал қайтадан тапсыруға қалса, демалыстың алтын уақытын жоғалтады», деп атап өтеді ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда Қазақстанда офицер мамандарын үш әскери оқу орны әзірлейді. Олар Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты, Құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты.

Жалпы Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің әскери білім беру жүйесіне алты әскери оқу орны кіреді. Әскери институттармен қатар жас азаматтар «Жас ұлан» республикалық әскери мектебі, Кадет корпусында орта және орта арнаулы білім алады. Бұл оқу орындарының түлектері бүгінде емтихандарын тапсырып демалыста жүр. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Ұлттық қорғаныс университетінде білім алуға болады. Оның тыңдаушылары болып офицерлер саналады, олар да курсанттар сияқты емтихандар тапсырады. Бұларды тек каникулдан  ғана емес, болашақта генерал болудан үміткерлер десе де болады.Шетелде оқып жүрген қазақстандық курсанттар да емтихандарын тапсырып болып, өз Отандарында тағылымдамадан өтуде.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе