Алматы жастары олимпиадашы спортшылармен кездесті

АЛМАТЫ. 13 Бүгін Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде«Ел абыройын асқақтатқан саңлақ спортшылар» деп аталатын кездесу өтеді. Оны университеттің тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту  басқармасы мен дене мәдениеті және бастапқы әскери дайындық факультеті ұйымдастырып отыр. Оған Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов, кәсіпқой бокстан қазақтың тұңғыш Әлем чемпионы Марат Мәзімбаев және университет мақтаныштары еркін күрестен Әлем біріншілігінің қола жүлдегері, Лондон Олимпиадасында үздік бестіктен көрінген халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дәулет Ниязбеков және су добынан 2 дүркін Азия чемпионы, Лондон Олимпиадасына қатысушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мұрат Шакенов қатыспақ.

«Біздің университетте осыдан  екі жыл бұрын дене мәдениеті және бастапқы әскери дайындық факультеті ашылған болатын. Биыл біздің екі  студентіміз Лондон Олимпиадасына қатысты. Спортшыларымыз  шаңғы және веложорықтарды  бастап жүр. Республика, қала деңгейінде өткізіліп жүрген  спорттық  шаралардың қай-қайсысында  да біздің  студенттеріміздің қолтаңбасы айқын сезіледі. Өткен жылы университетіміздің арнайы тобы  жер шарының ең қиырындағы Оңтүстік полюс - Антарктидаға барып, Қазақстанның көк туын тігіп қайтты. Бұл да біздің шыныққан шымыр жігіттеріміздің ерік-жігерінің арқасында қол жеткен  жеңіс», - дейді жоғары оқу орнының баспа орталығының қызметкері Әлия Асмағұлова.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе