Назарбаев университетінде Азия елдері студенттерінің конференциясы өтеді

–  Гарвардтың Азия және халықаралық қатынастар жөніндегі жобасы конференциясын (HPAIR 2019 Asia Conference) өткізу үшін Назарбаев Университеті таңдалды, деп тілшісі.

Осы конференцияны өткізу үшін Сингапур, Жапония, Қытай, Тайвань және Үндістан университеттері үміткер болған еді.

Ұйымдастыру комитеті басшысы, НУ гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің студент, НУ студенттер үкіметінің президенті Лейлә Ахметованың айтуынша, конференцияны осы университетте өткізу туралы соңғы шешімде қабылдау үшін Гарвард университеті (АҚШ) HPAIR ұйымдастыру комитетінің делегациясы Астанаға келіп, Назарбаев Университеті ұйымдастыру комитетінің қатысушыларымен келіссөздер жүргізген. Енді НУ командасы айтулы шараға дайындалу үшін Гарвардқа аттанады.

HPAIR-2019 конференциясының Астанада Жастар жылында өтіп жатқаны ерекше назар аудартады.

Шараның күн тәртібінде алты тақырыптық панель бар, олар: әлеуметтік саясат және инклюзивті даму, әлемдік экономика, қауіпсіздік және дипломатия, бизнес және технологиялар, қоршаған ортаның тұрақтылығы және энергетика, мәдениет және медиа.

Айта кетейік, Гарвардтың Азия және халықаралық қатынастар жөніндегі жобасы» (The Harvard College Project for Asian and International Relations / HPAIR) - Гарвард университетінің Азия елдерінде өткізетін ең ірі студенттер конференциясы. Ол студенттер мен жас кәсіби мамандар Тынық мұхиты және Азия елдеріндегі маңызды экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелерді талқылау үшін ұйымдастырылады. 1991 жылдан бері конференция әлемнің 12 елінде өтіп, оның аясында жалпы 32 000 қатысушы бас қосты. Конференцияда түрлі елдердің басшылары, белгілі ғалымдар, Нобель сыйлығының лауреаттары, дипломаттар, халықаралық ұйымдардың басшылары баяндама жасайды.

Автор: Камила Әмірова
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе