Ақжайық ауданының әкімі жүзден жүйрік шыққандарды қабылдады

ОРАЛ. 20 Ақжайық ауданының әкімі Нариман Төреғалиев биыл елімізде тұңғыш ұйымдастырылған «Үздік педагог» республикалық байқауында осы атақты иеленген тайпақтық мұғалім Бағдагүл Ізбасарованы, Д.Қажымовтың әндерін орындаушылардың І республикалық ән фестивалінде І орынды иеленген Дәурен Ғилманов пен Әнуар Нұрғалиевты қабылдап, құрмет көрсетті.Кездесуде облыстық жас полицейлер байқауында жеңімпаз атанған Бітік орта мектебінің командасы, сондай-ақ халықаралық, республикалық, облыстық байқауларда үздік көрініп жүрген оқушылар мен олардың ұстаздары да болды.

Осындай алдыңғы толқын мен балауса тасқын шамшырақтардың білімге ұмтылысын, ізденісін, еңбекқорлығын кеңінен үлгі ету әңгіме болды, оларға сыйлықтар тапсырылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе